Қарағанды облысында Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына орай рекорд қойылмақ

10 Қыркүйек 2019, 22:30
2475
Бөлісу:
Қарағанды облысында Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына орай рекорд қойылмақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында бір уақытта екі мерейтойлық оқиға атап өтілмек: Жаңаарқа ауданының 90 жылдығы және ұлы қазақ ақыны және жазушы Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығы. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.

Мереке 14 қыркүйекте өтеді. Салтанатты шараларды Сәкен Сейфуллинге арналған ескерткіштің етегінде театрландырылған көрініс ашады. Мереке Атасу кентінен үш шақырым қашықтықта, Қарауыл төбе деген жерде жалғасады. Бағдарламада әртістердің өнер көрсетулері, ұлттық ойындар мен жарыстар, қазақстандық және шетелдік эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт қарастырылған. Мереке соңында отшашу атылады.

Жаңаарқалықтар мереке ерекше есте сақталып қалуы үшін Гиннестің рекордтар кітабына ену туралы шешім қабыдаған. Ауданда халық шеберлері он мың литр қымыз дайындамақ. Ерлер мен әйелдер ұлттық костюмдерде «Жаңаарка вальсін» орындайды және бір мезгілде 1000 бөшкеде 10 мың литр қымыз араластырады. Аспаздық жетістікті тіркеу үшін Ұлыбританиядан сарапшылар келеді.

Сондай-ақ, «Бауырсақ» және «Палау» фестивальдері барысында тегін дәмнен ауыз тиюге болады. Осы күні Сәкен Сейфуллиннің «Жыр Сұңқары» атты мәнерлеп оқу байқауының жеңімпаздары марапатталады.

Өзгелердің жаңалығы