Қарағанды облысында қосымша өрт сөндіру бекеттерін ашу жоспарлануда

26 Мамыр 2020, 00:35
1259
Бөлісу:
Қарағанды облысында қосымша өрт сөндіру бекеттерін ашу жоспарлануда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында жаңа өрт сөндіру бекеттерін құру және жұмыс істеп тұрған жасақтарды қосымша техникамен жабдықтау жоспарлануда. Бұл туралы облыс әкімдігінің аппарат кеңесінде айтылды.

Жиында өрт қаупі және суға түсу кезеңдерін өтуге дайындық мәселесі талқыланған. Өңір басшысы Жеңіс Қасымбек табиғи өрттерден қорғауды нығайтуды және шомылу орындарындағы қауіпсіздікті қадағалауды тапсырды.

Өрт сөндіру бекеттерінің қызметі бойынша жұмысты жандандыру қажет. Бүгінде олардың саны 14. Биылғы жылы біз жаңа өрт сөндіру бекеттерін құру үшін ауылдық елді мекендерге 6 бірлік техника беруді жоспарлап отырмыз. Материалдық-техникалық жарақтандыруды аудандық әкімдіктер қаржыландырады. Барлық аудандарда табиғи өрттерді сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізіледі. 11-12 маусымда Осакаров ауданында "Бұйратау" ұлттық паркінің аумағында облыстық оқу-жаттығу өткізу жоспарланып отыр, - деді облыстық ТЖД бастығы Ибрагим Күлшімбаев.

Оның айтуынша, оқу-жаттығу барысында "Лесной дозор" видеомониторинг жүйесі таныстырылады. Ол 35-40 шақырымнан кем емес және 40 есе зуммен айналмалы шолуды қамтамасыз ететін бейнекамералар желісі болып табылады.

Облыста 382 автотехникамен жабдықталған 36 өрт сөндіру бөлімі мен 6 құтқару бөлімшесі жұмыс істейді, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Суға шомылу маусымы қарсаңында жаппай демалудың қауіпсіз орындары анықталды. 83 су айдынында шомылуға рұқсат берілді.

Облыс әкімі суға шомылу маусымында адамдардың қаза болуын болдырмау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды талап етті.

Қарағанды облысында мемлекеттік орман қорының ауданы 614,7 мың га құрайды, оның 152,3 мың га орманды жерлер. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жалпы ауданы 52,9 га. 



Өзгелердің жаңалығы