Қарағанды облысында оқу орталықтары мен демалыс орындары ашылады

7 Маусым 2020, 13:54
2078
Бөлісу:
Қарағанды облысында оқу орталықтары мен демалыс орындары ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 8 маусымда Қарағанды облысында балалар мен ересектерге арналған білім беру орталықтары, үйірмелер, демалыс аймақтары мен санаторийлердің жұмысы жанданады. 

Бұл туралы облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қанат Асқаровтың 6-шы маусымдағы жарлығында айтылған.

Мекемелер жұмысқа санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып орала алады. Оқу орталықтарында бөлменің ауданына байланысты бір уақытта жетіден онға дейін оқушылар орналастырылуы мүмкін. Сабақтың максималды ұзақтығы - 45 минут. Сонымен бірге орталықтардың барлық қызметкерлерінен бетперде мен қолғап кию талап етіледі. Оларды үш сағат сайын ауыстырып отыру қажет. Балаларда бетперде кию керек, олар даму орталықтарының алаңында қабылданады, ғимаратқа ата-аналар кірмейді. Үстелдер бір-бірінен екі метр қашықтықта орналастырылуы тиіс. Әрбір сабақтан кейін бөлмеге дымқыл тазалау және өңдеу жұмыстарын жүргізу керек. Коронавирустық инфекция белгілері бар оқушылар мен қызметкерлер сабаққа жіберілмейді. Балалар ойыншықтарды үйден орталыққа апара алмайды, - делінген хабарламада. 

Оқу орталықтарының кіреберістерінде дезинфекцияланған төсеніштер болуы керек, және де ғимараттарда санитайзерлер болуы тиіс.
Демалыс аймақтары мен санаторийлердің иелері ғимараттардың санитарлық жағдайын ғана емес, сонымен қатар жағажайды да бақылауы керек. Оны күніне кемінде бір рет дезинфекциялау қажет.

Тіркеу орны мен асханада қонақтарға қашықтықты сақтау оңай болу үшін арнайы белгілер қажет. Асханада үстелдер арасында кемінде екі метрлік қашықтық сақталуы тиіс. Егер аудан бұған жол бермесе, онда орындардың санын азайту керек. 

"Күту аймақтары" дегенді алып тастау ұсынылады, оның орнына қонақтарды белгіленген уақытта қабылдау және банктік аударым арқылы төлеу ұсынылады. 

Қарағанды облысында банкет залдары, кинотеатрлар мен сауда орталықтарындағы ойын алаңдары жабық күйінде қалды. Сондай-ақ, корпоративті мерекелер, кештер және басқа да жаппай мерекелер өткізу үшін пәтерлер мен үйлерді жалға беруге тыйым салынады. 

Өзгелердің жаңалығы