Қарағанды облысында құлдықта ұстау деректері анықталды

10 Қыркүйек 2019, 04:55
1544
Бөлісу:
Қарағанды облысында құлдықта ұстау деректері анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов еңбек құлдығы мәселелері бойынша «жедел желі» құруды тапсырды. Оған құрбандардың өздері де, олардың жақындары мен туысқандары да жүгіне алады.

«Облыс тұрғыны бірнеше жыл бойы оны құлдықта ұстағанын мәлімдеді. Бұл оқиғаны барлық БАҚ жариялады. Бұл өкінішті. ХХІ ғасыр, ал біздің жерлестеріміз осындай жағдайларға тап болады. Ал, полицияға хабарласса, немқұрайлықпен бетпе-бет кездеседі. Ол аздай полицейлер фермерлердің осындай деректерін жасырады деуге болады», - деді Ерлан Қошанов.

Ол полиция департаментінен жағдайды анықтап, кінәлілерді жауапкершілікке тартуды талап етті.Өңір басшысы барлық фермерлік шаруашылықтарды тексеру қажеттігін атап өтті. 

«Онда кім жұмыс істейді және қандай жағдайда жұмыс істейтінін анықтау керек. Жақын арада «жедел желі» ашылуы тиіс. Оның жұмысына ҮЕҰ мен әлеуметтік қорғау қызметін тарту керек», - деді аймақ басшысы.

Облыс әкімі бұл жұмыс шұғыл жағдайда емес, тұрақты түрде жүргізілуі тиіс екенін атап өтті. Бұл мәселеге орынбасары Серік Шайдаровты жауапты етіп тағайындады. Тапсырмалардың орындалуы туралы бірінші есеп дайындауға қыркүйек айының соңына дейін уақыт берді.

Өзгелердің жаңалығы