Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 90 жағдайы тіркелді (23.05.2020 ж. мәлімет бойынша).
ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша 90 адамда COVID-19 вирусы анықталды.Тіркелген жағдайлардың 24 скрининг және 66 жақын байланыста болғандарды тексеру нәтижесінде анықталды.
Барлығы жұқпалы аурулар стационарларына жатқызылды. Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, ем алып жатыр.
Ошақтарда дезинфекциялық шаралар жүргізіліп жатыр.
2020 жылдың 23 мамырындағы ахуал бойынша облыста 562 жұқтыру жағдайы анықталды, оның ішінде 3 өлім жағдайы және 190 пациент жазылып шықты.