Қарағанды облысында індет жұқтырған 130 жағдай тіркелді

22 Мамыр 2020, 09:29
1314
Бөлісу:
Қарағанды облысында індет жұқтырған 130 жағдай тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 130 жағдайы тіркелді (21.05.2020 ж. мәлімет бойынша).

ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша 130 адамда COVID-19 вирусы анықталды.
Тіркелген жағдайлардың барлығы скрининг және жақын байланыста болғандарды тексеру нәтижесінде анықталды. Барлығы жұқпалы аурулар стационарларына жатқызылды. Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, бекітілген хаттамаға сәйкес ем алып жатыр, - делінген хабарламада.
Ошақтарда дезинфекциялық шаралар жүргізіліп жатыр. 

2020 жылдың 21  мамырындағы ахуал бойынша облыста 430 жұқтыру жағдайы анықталды, оның ішінде 3 өлім жағдайы және 170 пациент жазылып шықты.
Өзгелердің жаңалығы