Қарағанды облысында 83 су айдынында шомылуға рұқсат берілді

22 Мамыр 2020, 00:35
1504
Бөлісу:
Қарағанды облысында 83 су айдынында шомылуға рұқсат берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында шомылу маусымына дайындық жалғасуда. Өңірде 83 суда жүзуге болатын демалыс орындары анықталды. Бұл туралы облыстық ТЖД қызметкерлерінің суға шомылу маусымына дайындық бойынша өткізген брифингте айтылды.

Маусым басталар алдында шомылуға арналған орындар тазартылуы тиіс. Су түбін арнайы тазартуды біздің сүңгуірлер жүргізеді. Суға шомылу маусымының апатсыз өтуін қамтамасыз ету бойынша барлық іс-шаралар облыс әкімі бекіткен жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Облыста шомылуға арналған 83 орын анықталды. Егер Қарағанды туралы айтатын болсақ, бұл мәдениет және демалыс саябағы мен Федоров су қоймасындағы қалалық жағажай. Сондай-ақ біз шомылуға тыйым салынған жерлерді анықтаймыз. Олардың саны облыста 271, - дейді ТЖД бастығының орынбасары Мұрат Қатпанов.

Қарағанды облысында суға шомылу маусымына дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бүгін Федоров су қоймасында сүңгуір-құтқарушылар суға шомылуға арналған су айдындарының түбін тексеру жұмыстарын жүргізді.

Біз су айдынының түбін тазалаймыз, онда адамдарды жарақаттайтын бөтен заттар болуы мүмкін. Бұл суға шомылу маусымы алдында өткізілетін жыл сайынғы кезекті тексеру. Аса қауіпті заттарды таппадық, сондықтан жағажай суға түсуге жарамды, - деп түсіндірді облыстық ТЖД құтқару жасағының бас құтқарушысы Сергей Целишев.

30 сәуірден бастап ТЖД-нің барлық суда құтқару бөлімшелері жоғары дайындық жағдайында. Облыста осындай жеті бөлімше бар. Олар арнайы апаттық-құтқару техникасымен, жүзу құралдарымен, сүңгуір жабдықтарымен және құрал-жабдықтармен, жанар-жағар май қорымен жабдықталған. Қазіргі уақытта құтқарушылар белсенді демалыс орындарын патрульдеумен айналысады.

Естеріңізге сала кетейік, демалыс кезінде су айдынында келесідей әрекеттерге тыйым салынады: алкогольдік және есірткілік мас күйінде шомылуға және суға кіруге; суға қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан секіруге; тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгуге; жүзудің шекарасын белгілейтін құрылғылардан асып жүзуге; жүзуге арналмаған заттармен жүзуге; су қоймаларын ластауға және қоқыс тастауға; жағада және киім шешетін орындарда демалушыларға жарақат келтіруі мүмкін қоқыстарды қалдыруға; жалған дабыл айқайларын беруге; техникалық және ескерту белгілеріне көтерілуге; балаларға ересектерсіз суға кіруге.

Демалуға және шомылуға арналған қауіпті және жабдықталмаған учаскелерде тыйым салу белгілері орнатылады.

Қауіпсіздік ережелерінің талаптарына сәйкес шомылуға арналған орындар келесідей жабдықталуы тиіс: құтқару бекетімен; тереңдігі 1,2 метрден аспайтын балалардың шомылуына арналған учаске; дауыс зорайтқыш құрылғылармен және телефон байланысымен; кезекші медициналық персоналмен және қажетті құрал-саймандармен және дәрі-дәрмектермен жабдықталған алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған үй-жаймен; қарау мұнарасы. 

Өзгелердің жаңалығы