Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының ұжымы жазғы демалыстан шығып, гастрольге дайындалуда. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.
Қарағандылық ұжым 17 және 24 тамызда Нұр-Сұлтан қаласындағы «Астана Опера» Үлкен залының сахнасында үздік спектакльдерін – Максим Дунаевскийдің «Алые паруса» мюзиклі және Имре Кальманның «Баядер» опереттасы ұсынады.
«Біздің ұжым Астанаға бірнеше рет гастрольдік сапармен барып, сәтті өнер көрсетті. Елорда халқы бізді жақсы көреді, есте сақтайды. Әрине, бізді Нұр-Сұлтан күтуде. Бірақ алдағы гастрольдер ерекше, себебі біз «Астана Опера» сахнасында өнер көрсету құрметіне ие болдық. Бүгінгі таңда бұл тек елімізде ғана емес, әлемдік кеңістікте да маңызды театр алаңы. Бұл гастрольдер біз үшін жауапты және қызықты. Өз мәдени брендіміз – елдегі жалғыз оперетта және мюзикл жанрында театрдың мәртебесін растау қағидаты», - деп атап өтті театр басшысы Амантай Ибраев.
Амантай Ыбраевтың айтуынша, спектакльдерге декорациялар елордаға екі жүку көлігімен тасымалданады.
«Алые паруса» – Қарағанды театрының репертуарындағы жаңа мюзиклдердің бірі. Премьерасы 26 қазан 2018 жыл өтті. Спектакльді ресейлік режиссер, «Алтын маска», «Жыл адамы», «Мельпомена», «Жыл әні» сыйлығының иегері Сусанна Цирюк ұсынды. Туындының негізгі идеясы риясыз сенім және әркім жақын адамы үшін ғажайыптар жасай алатынын баяндайды.
«Баядера» театрда 16 жыл қойылып келеді, бірақ көрермендердің махаббатын әлі де жоғалтпаған. Елена Езерскаяның либретто желісі бойынша классикалық опереттаның қойылымы сюжеттің ерекше және жарқын берумен ерекшеленеді.
Амантай Ибраев жаңа маусымға басқа да жоспарлар туралы айтып берді. Қыркүйек айында театр Алматы мен Шымкентке гастрольге барады. Қазан айында Қарағанды жыл сайынғы халықаралық оперетта және «DosStar» мюзиклінің қатысушыларын қабылдайды. Желтоқсан айында қарағандылықтарды Мәскеуге балалар спектакльдерінің фестиваліне шақырды. Музкомедия театры Геннадий Чихачевтің жетекшілігімен Мәскеу театрының сахнасында өнер көрсетеді, қойылым үшін алдын ала «Бремен музыканттары» ертегісін таңдады.
«Қарағанды музыкалық комедия театры кадр ұстасы ретінде танымал. Біздің көптеген тәрбиеленушілеріміз отандық жетекші ұжымдарда, жақын және алыс шетел театрларында жұмыс істейді. Кезекті түлектеріміз де қуантуда. Біздің тәрбиеленушілеріміздің бірі Ресейдің жоғары оқу орындарында оқуын жалғастырады. Мектеп бітірушілердің бірі ГИТИСКЕ түсті, Герард Васильев шеберханасында музыкалық театр актерінің шеберлігін көрсетеді», - деп толықтырды Амантай Ибраев.