Әр қоғамдағы саяси үдерістердің басты қозғаушы күші жастар – Бақриденов

17 Мамыр 2022, 13:24
1771
Бөлісу:
Әр қоғамдағы саяси үдерістердің басты қозғаушы күші жастар – Бақриденов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласындағы Достық үйінде «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігі жастарының бастамасымен республикалық референдумды қолдауға арналған пікірталас өтті, деп хабарлайды Еl.kz сайты.

Іс-шараға референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі республикалық штабтың жетекшісі Т. Мұқашев, «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Т. Жұмырбаев, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшелері Т. Миронюк пен О. Сүлейменов, облыстық және қалалық мәслихаттың жас депутаттары, «Ассамблея жастары» РҚБ аймақтық бөлімшелерінің басшылары, жастар ұйымдарының жетекшілері мен өкілдері қатысты.

Референдум мемлекеттік тұрғыдан алғанда тарихи оқиға. Сондықтан да 5 маусымда өтетін референдум барлығымыз үшін маңызы зор. Референдум қазақ елінің жаңа көрінісі ретінде әсерін тигізетін оқиға болайын деп отыр. Ең бастысы референдум аясында биліктің қайнар көзі халық деп айтылған. Президентіміз айтқандай биліктің халыққа берілуі сана-сезімімізде қалыптасуы керек. Конституциялық кеңестің мақсаты – жоғарғы сотқа, президентке, парламентке көзқарасын білдіру. Бұл өте маңызды. Ал саясаттануда демократияның басты көзі — халық. Сондықтан барлығымыз рефендумға қатысып, дауыс беруге құқымыз бар. Мен сіздерді насихаттамаймын. Әрбір кәмелеттік жасқа толған азаматтың референдумға қатысқаны абзал. Әр қоғамдағы саяси үдерістердің басты қозғаушы күші жастар. Сондықтан жаңа Қазақстанды құруға бірге күш салайық, – деді Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Уалихан Бақриденов.

Пікірталас аясында көшбасшы жастар референдум өткізу және конституциялық реформа туралы өз ойларын ортаға салады. Жас қазақстандықтар азаматтық қоғамның белсенді бөлігі ретінде мемлекеттің қоғамдық-саяси жүйесіндегі ағымдағы өзгерістерді және Жаңа Қазақстан идеясын жүзеге асырудың жастарға ашатын мүмкіндіктерін талқылады.

Біздің республикалық штаб Ата заңға өзгеріс енгізу қажеттілігі туындады. Конституцияға енгізілетін толықтырулар мен енгізулер Республикалық референдумды өткізуге барлығымыз бірігіп атсалысуымыз керек. Елдің тағдырын айтып жатқандарыңызға ризамыз. Үлкен буын біздер сіздерге сенеміз. Алыңғы буын мен артқы буын бірге болуы керек. Қазақ елі жастары жігерлі, елі мен жерін сүйетін патриоттар болады деп сенемін. Елімізді сақтап, тәуелсіздігімізді сақтап мәңгілік елге айналатынымызға сенемін, – деді қоғамдық қолдау жөніндегі республикалық штабтың жетекшісі  Мұқашев.

«Ассамблея жастары» жастар ұйымы қоғамдық бастамаға қосылып, референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі республикалық штабтың құрамына енді.

Өңірлерде референдумды түсіндіру мақсатында жастармен кездесулер өткізіліп, моноқалалар мен ауылдық округтердегі жастармен жұмыс жүргізуге баса назар аударылуда, – деді «Ассамблея жастары» төрағасы Жұмырбаев.

Өзгелердің жаңалығы