Әр бизнес жобаға 300 млн теңге бөлінеді

31 Қазан 2022, 17:35
2594
Бөлісу:
Әр бизнес жобаға 300 млн теңге бөлінеді
Фото: Tengrinews.kz

Бүгін Астанада  «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында «Технологияларды коммерцияландыру реакторы» іс-шарасы өтіп жатыр деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі

Іс-шараға Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ғылым қоры» АҚ «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп ұйымдастырып отыр.

Жоба аясында ЖОО мен ҒЗИ ғалымдары ғылыми еңбектеріне қатысуға кәсіпкерлер мен инвесторларды тарта алады. Әр жобаға 300 млн теңге қарастырылған.  Жалпы соманың 20-30 пайызы кепіл ретінде  жобаға төленеді.

Айта кетсек, 14-ке жуық бизнес идея бақ сынайды, олардың ішінде топырақты өңдеудің инновациялық технологиясы, қой сүтін қайта өңдеу, жіті калькулезді холециститті хирургиялық емдеуге арналған әмбебап жара кеңейткіш, концентрацияланған гумин тыңайтқыштарын өндіру секілді жобалар бар.

Барлық өткізіліп жатқан бірлескен іс-шараның басты міндеті – ғылым мен бизнестің тұрақты ынтымақтастығын дамыту. Ғалымдар, ең алдымен, зерттеулер мен бизнес инновацияларының қажеттілігіне назар аударғаны жөн. Осы орайда «Атамекен» ҰКП Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігімен жұмысты істеп жатырмыз. Біз тұрақты негізде ақпараттық-түсіндіру науқанын жалғастырамыз, бизнеске гранттық бағдарламалар бойынша кеңес береміз. Бүгін  медицина, агроөнеркәсіптік кешен, өңдеу өнеркәсібі және т.б сынды жобаларды қарастырдық, ал бұған дейін бірлестіктер мен кәсіпорындардың өтінімдерін қарастырдық, нәтижесінде 30-дан астам компания қызығушылық танытты,- деді  «Атамекен» ҰКП президиумының төрағасы м.а Райымбек Баталов.

Іс-шара нәтижесі жоба иелері мен кәсіпкерлер арасындағы келісімге қол жеткізумен қорытындыланады.

Өзгелердің жаңалығы