Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы Конституцияға толықтырулар мен түзетулер енгізу жөніндегі жалпыұлттық референдумның нәтижелері бойынша мәлімдеме жасады.
Партияның төрағасы Азат Перуашев фракцияның 2022 жылғы 5 маусымда өткен жалпыхалықтық референдумға қатысты мәлімдемесін жариялады.
Республика Конституциясына өзгертулер енгізу бойынша өткен референдум ашық әрі демократиялық үрдістер сақталды. Сайлаушылардың келуі, дауыс беру нәтижесі азаматтардың нақты таңдау құқығын, соның ішінде өз пікірінде қалу құқығын көрсетіп берді, - деді партия басшысы.
«Ақ жол» демократиялық партиясы бұл құқықтық демократияның басты талабы деп санайды.
Қоғам сенімін тек адалдық, ең бастысы қарсыластарға деген адалдықпен иемденуге болады. Оған дейін жүргізілген конституциялық реформа талқылаулары қоғамымыздағы қоғамдық-саяси көзқарастардың кең ауқымын көрсетіп берді. Референдум қорытындысы бұл пікір алуандығын әділ тіркеді, - деді Перуашев.
Сонымен қатар референдум өзара сыйластық пен саяси пікірталаста сабырлықты сақтай отырып азаматтарымыздың өзге пікірлермен санасуы секілді қоғамның жаңа саяси мәдениетін айқындап берді.
Референдум барысында учаскілерді бақылаған «Ақ жол» демпартиясының өкілдері сайлау заңнамасының қатаң бұзылуын тіркемеді. Тек дауыс беру нәтижесіне әсер етпейтін техникалық ақаулар мен сайлаушылар тізіміндегі бөлек сәйкессіздіктер байқалды.
Референдум қорытындысы талассыз және Қазақстан халқының «мықты президент, ықпалды парламент пен есеп беретін үкіметі» бар мемлекетті басқараудың жаңа моделін құру бағытын қолдайтынын айғақтайды. Референдум, сондай-ақ, президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа және әділ мемлекет пен Жаңа Қазақстан құру жолындағы миллиондаған қазақстандық үміт артып отырған бастамаларына деген қоғам сенімінің жоғары деңгейін көрсетті. Бірақ 2022 жылдың 5 маусымында Қазақстан халқы жол ашқан мүмкіндіктердің іс жүзінде жүзеге асуы – біздің әрқайсымызға тікелей байланысты, - деді Перуашев.
Ол барлық азаматты, кәсіпкерлер мен шенеуніктерді, жастар мен зейнеткерлерді, жұмысшылар мен шаруагерлерді, түрлі ұлттар мен дін өкілдерін жаңа, әділ Қазақстанды құруға кірісуге шақырды.
Фракция мүшелері мәлімдемені дауысқа салып, бір ауыздан қабылдады.