Ақжарқын Тұрлыбай апелляцияның екінші отырысын күтеді

14 Тамыз 2019, 18:16
2328
Бөлісу:
Ақжарқын Тұрлыбай апелляцияның екінші отырысын күтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Ақжарқын Тұрлыбай ісіне қатысты апелляция бойынша екінші отырысты өткізу мерзімі туралы Қытай тарапының жауабын күтеді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ведомство қабырғасында өткен брифингте мәлімдеді.

«Адвокат істі зерттеп жатыр, себебі өте маңызды іс. Өздеріңіз білетіндей, іс қазір екінші инстанцияның қарауында және қытай тарапынан апелляция бойынша екінші отырыс өткізу күнін күтіп отырмыз. Қазақстанның Қытайдағы елшілігі жағдайды үнемі бақылауында ұстайды. Дипломаттар тұрақты түрде (Ақжарқынға – авт.) барып тұрады, кездесіп, ата-анасының хатын беріп, оған кітаптар сатып алады. Ол өзін жақсы сезінеді. Ұстау жағдайына байланысты шағым білдірмейді», - деді Смадияров.

Еске сала кетсек, 2014 жылы полиция 20 жастағы Ақжарқын Тұрлыбайды ұстаған болатын. Оған есірткі заттарының контрабандасымен айналысты деген айып тағылды. Бір жылдан кейін Қытай соты қызды өмір бойына бас бостандығынан айырды. 2016 жылы апелляциялық сот бұл шараны тоқтатты. Ақжарқын бес жылдан бері қамауда және бұдан жеңіл жаза мен өзін Қазақстанға экстрадициялауды күтеді. Ақжарқын Тұрлыбайдың өзінің «нигериялық наркомафияның құрбаны» болғанын айтады.

Бұған дейін Қытайдағы Қазақстан елшілігінің консулы Болат Сырлыбаев Ақжарқын Тұрлыбаймен кездескенін айтқан болатын.

Консулдың мəліметінше, Ақжарқын Тұрлыбайдың көңіл-күйі жаман емес. Қазір ол 25 адамдық камерада жатыр. Күндіз жұмыс істейді, тігін тігеді, бос уақытында кітап оқиды.

Өзгелердің жаңалығы