Ақылы жолдардан түскен 50 млрд теңге қайда жұмсалады

Бөлісу:
Ақылы жолдардан түскен 50 млрд теңге қайда жұмсалады
Фото: BAQ.KZ - архив

Көлік вице-министрі Сатжан Аблалиев "Желмая" жобасында осы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Біздің автожолдарға қатысты заңымызда бәрі жазылып, көрсетілген. Яғни қай жол ақылы, қай жол тегін дегендей. Сол ақылы жолдардың жағдайы жақсы және мен қызмет көрсету деңгейі жоғары болуы керек. Сондай-ақ ақылы тек 1 және 2 санатты жолдар бола алады. Сондықтан біз тек жаңадан пайда болған жолдарға ақы енгіземіз, - деді вице-министр.

Оның айтуынша , 2024 жылы ақылы жолдардан 48 млрд теңге жиналды.

Былтыр 50 млрд теңгеге жуық ақша жиналды. Бұл 3200 шақырым жолдан жиналған қаражат. Заңға сәйкес, бұл ақша жолды күтіп-ұстауға, жөндеуге, техника алуға жұмсалады. Біздегі қазіргі тариф жолға салынған инвестицияны қайтаруға емес, сол жолды күтіп-ұстауға ғана жетеді. Ең алғашқы тарифтер 2013 жылы бекітілген еді, кейін былтыр 20, ал биыл 30 пайызға көтердік, - деп түсіндірді ол.

Айта кетейік көлік саласындағы осы және өзге де сұрақтарға көлік вице-министрі Сатжан Аблалиев "Желмая" жобасында жауап берді. 

Өзгелердің жаңалығы