Ақтоты Райымқұлова архившілерді кәсіби мерекесімен құттықтады

22 Желтоқсан 2021, 13:29
2871
Бөлісу:
Ақтоты Райымқұлова архившілерді кәсіби мерекесімен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова архившілерді алғашқы кәсіби мерекесімен құттықтады. Құттықтау сөзін Facebook-тегі жеке парақшасында жазды.

Ведомство басшысы жазбасында архившілер қызметінің мемлекеттік деңгейдегі маңыздылығын атап өтті.

Сіздерді Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығында алғаш рет атап өтілетін «Архившілер күні» кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! Қазақстанның қалыптасуының және үдемелі серпінді дамуының тарихи жолы, республиканың өркениетті мемлекеттер қатарына кіруі, елдің Тәуелсіздік кезеңіндегі экономика, ғылым, мәдениет, спорт салаларындағы және басқа да салалардағы жетістіктері тарихи-мәдени мұра болып табылатын мемлекеттік архивтер қорларында жинақталды. Бүгінгі таңда бұл құжаттар Қазақстан мен шет елдердің ғылыми қоғамдастығы мен өкілдері тарапынан кеңінен сұранысқа ие. Мемлекеттік архивтердің ақпараттық әлеуетін пайдалану Тәуелсіз Қазақстанның даму индикаторларының бірі болып табылады.  Сіздердің тікелей қатысуларыңызбен архивтік құжаттардың кейінгі ұрпақ үшін сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ Ұлттық архив қорын Қазақстан тарихы бойынша жаңа құжаттармен үнемі толықтыру жүзеге асырылады, - деп жазады ол.

Сондай-ақ министр архив қорларының жұмысын жетілдіру бағыты бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды.

Соңғы жылдары архив қорларының құжаттық көздеріне қолжетімділікті ұйымдастыру, оларды цифрлық форматқа көшіру және құжаттарды ғылыми, саяси мақсаттарда пайдалануға қашықтан қол жеткізуді ұсыну, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша кешенді шаралар өткізілді, - деп атап өтті ол.

Биыл алғаш рет архившілердің еңбегі бағаланып, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай қызметкерлерге орде, медаль, ведомстволық төсбелгі тағайындалды. Министрдің айтуынша, оларды әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша да шаралар атқарылып жатыр.

Қазіргі кезеңнің үрдістерін ескерсек, архившілер – экономика, әлеуметтік салалар бағыттарының функционалдық міндеттері бойынша білікті және интеллектуалды мамандар. Бүгінде архивист сарапшы-құжаттанушы, зерттеуші, IT-маман, реставратор болып табылады. Архив қызметкерлерінің баға жетпес үлесі мен еңбегі лайықты бағасын алуға тиіс. Осыған орай, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына байланысты алғаш рет архив қызметкерлері «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды. Архив саласының 140-тан астам қызметкерлері мен ардагерлері «Архив саласының үздігі» ведомстволық төсбелгісімен марапатталды. Бұдан басқа, мемлекет архив саласының қызметкерлерін әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша т.б. игі шаралар қабылдауда, - деп жазады Ақтоты Райымқұлова.

 

 

Өзгелердің жаңалығы