Ақтөбелік құтқарушы екі баланы қауіпсіз жерге көшірді

27 Наурыз 2024, 11:14
299
Бөлісу:
Ақтөбелік құтқарушы екі баланы қауіпсіз жерге көшірді
Фото: ТЖМ

Ақтөбе облысының кейбір ауданында қар суы еріп, аулалар суға толды. Осы ретте халыққа қол ұшын созып, күндіз-түні көмек көрсетіп жүрген құтқарушылардың еңбегін атап өткен жөн, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Су тасқыны кезеңінде құтқарушылардың күшімен Ақтөбе облысының аумағында бірнеше авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді. Ақтөбе облысының Темір ауданындағы су тасқынына қарсы жұмыстар кезінде Темір ауданының ТЖБ аға инженері азаматтық қорғау капитаны Аспан Нұржан өз арқасында су басқан аймақтан 2 бала мен 1 әйелді шығарып, қауіпсіз жерге көшірді. Тұрғындар оқшауланып, барлық жағынан сумен қоршалып қалған.

Ақтөбелік құтқарушы екі баланы қауіпсіз жерге көшірді
Өзгелердің жаңалығы