Ақтөбедегі жол апаты. Жағдай жеке бақылауымда – әкім

7 Тамыз 2024, 17:29
612
Бөлісу:
Ақтөбедегі жол апаты.  Жағдай жеке бақылауымда – әкім
Фото: ОКҚ

Облыс әкімі Асхат Шахаров өңірде орын алған жол-көлік оқиғасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол марқұм болған жандардың жақындары мен туысқандарына көңіл айтып, қайғылы жағдайға байланысты жұмыс тобы құрылғанын, бұл мәселе жеке бақылауында болатынын мәлімдеді.

Өңіріміздегі орын алған жантүршігерлік оқиға туралы баршаңыз хабардарсыздар. Марқұм болған жандардың жақындарына, ағайын-туыстарына өзімнің және Ақтөбе облысы әкімдігінің атынан көңіл айтамын. Оларға қажетті материалдық және моральдық көмек көрсетіледі. Бұл оқиға білім беру мекемелеріндегі қауіпсіздік шараларының маңыздылығын тағы бір рет еске салды. Әрбір оқушының өмірі бағалы және кез келген іс-шарада олардың қауіпсіздігі бірінші орында болуы тиіс, - деді өңір басшысы.

Асхат Шахаров орынбасары Жолдас Батырхан жетекшілік ететін облыстық жұмыс тобы құрылып, қазір олар оқиға орнында екенін айтты.

Облыстық жұмыс тобы, құзырлы органдар заң аясында бұл жағдайды мұқият тексеріп, тиісті шаралар қабылдайды. Оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында мектептерде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау міндетті. Жарыстар мен басқа да іс-шараларды ұйымдастыру кезінде белгіленген алгоритмге сәйкес, қауіпсіздік талаптары толықтай орындалуы тиіс. Бұл жағдай жеке бақылауымда, - деді Шахаров.

Еске салсақ, Бүгін Ақтөбе облысы Хромтау ауданында жантүршігерлік жол апаты болып, 8 адам қаза тапқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы