Ақтөбедегі жол апаты. Көлік жүргізушісі изоляторға қамалды

Бүгiн, 16:15
153
Бөлісу:
Ақтөбедегі жол апаты. Көлік жүргізушісі изоляторға қамалды
VIDEO
Фото: скрин

«MAN» көлігінің жүргізушісі, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

7 тамызда 8 адам, оның ішінде 5 кәмелетке толмаған бала қайтқан жол-көлік оқиғасы бойынша – 2 және одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі бойынша тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Күдікті, «MAN» көлігінің жүргізушісі, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сонымен қатар, полиция департаментімен абайсызда кәмелетке толмаған баланың өліміне әкеп соқтырған балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін тиісінше орындамау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталып, барлық жауапты тұлғаға құқықтық баға беріледі. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды, - делінген хабарламада.

Еске салайық, 7 тамыз күні жылы «Самара-Шымкент» (Хромтау ауданының аумағы) халықаралық маңызы бар автожолының 862 шақырымында шамамен сағат 10:10-да «Тойота Ипсун» мен «МАН» жүк көлігі соқтығысып, жол апаты болған еді.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Тойота Ипсун» автокөлігінің жүргізушісі және оның 7 жолаушысы оқиға орнында қаза болды, оның ішінде бесеуі - бала.

Өзгелердің жаңалығы