Ақтөбедегі түзеу мекемесінде "Ашық есік" күні өтті

11 Қыркүйек 2023, 09:30
619
Бөлісу:
Ақтөбедегі түзеу мекемесінде "Ашық есік" күні өтті
Фото: polisia.kz

Ақтөбеде түзеу мекемесінің аумағына шағын және орта бизнес субъектілерін тарту мәселесі талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Ақтөбеде №8 түзеу мекемесінің аумағына шағын және орта бизнес субъектілерін тарту арқылы мекемедегі жазасын өтеуші сотталғандар үшін қосымша жұмыс орындарын құру мәселелері тиісті органдармен бірлесіп талқыланды. 

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №8 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандарды жұмыспен қамту мақсатында, Ақтөбе облысы және Ақтөбе қаласы бойынша тіркелген кіші және орта бизнес субъектілер нысандарын №8 мекемесінің аймағына орналастырып, жаңа жұмыс орындарын ашу үшін түзеу мекемесінде “Ашық есік күні” іс-шарасы ұйымдастырылды. 

Айта кету керек, жыл басынан бастап өңірдегі 2 шағын орта бизнес субъектілері РМК “Еңбек- Жайық” филиалымен бірлесіп, түзеу мекемесінің аумағында өз кәсіптерін ашты. Қазіргі таңда №8 түзеу мекемесі аумағында 5 шағын орта бизнес субъектілері 126 сотталғанды ақылы жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

Өз кәсіптерін ашу мақсатында жұмыстарын жүргізгісі келетін шағын және орта бизнес субъектілері мекеме аумағына келіп, кәсіптерін дамытып жүргізулеріне толық мүмкіндіктер қарастырылған, – дейді №8 түзеу мекемесі бастығының жалпы сұрақтары бойынша және сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бойынша орынбасары Аскар Кубайдуллин.

Өзгелердің жаңалығы