Мәйітті сөмкеге салып, қоқысқа тастаған: Ақтөбеде 55 жастағы ер адамды өлтірген күдікті ұсталды

55 жастағы ер адамның мәйіті мектеп маңындағы қоқыс алаңынан табылған.

 ©BAQ.KZ архиві Бүгiн 2026, 17:10
Бүгiн 2026, 17:10
376
Фото: ©BAQ.KZ архиві

Ақтөбеде 12 наурызда қала орталығындағы қоқыс алаңынан сөмкеге салынған ер адамның мәйіті табылған. Сол қылмысқа қатысы бар күдікті ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

55 жастағы ер адамның мәйіті №38 мектеп маңындағы қоқыс алаңынан табылған.

Куәгерлердің айтуынша, белгісіз біреу қоқыс контейнерлерінің жанына тастап кеткен қытайлық сөмкеде мәйіт бірнеше күн бойы жатқан.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті күдіктінің анықталып, ұсталғанын хабарлады.

12 наурызда Ақтөбе қаласындағы аулалардың бірінен ер адамның мәйіті табылды. Аталған факт бойынша полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жедел түрде жүргізіп, нәтижесінде кісі өлтірді деген күдікпен азамат анықталып, ұсталды. Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті мен жәбірленуші арасында спирттік ішімдіктерді бірге ішу барысында жанжал туындап, оның барысында күдікті жәбірленушіге бірнеше рет пышақ жарақатын салған. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, - деп хабарлады Ақтөбе олысының ПД баспасөз қызметі. 

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Наверх