Ақтөбеде адам өлімімен аяқталған жол апатына байланысты қаладағы мерекелік шаралар тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қала әкімдігі тұрғындар мен қонақтарға ресми хабарлама жариялады.
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! 25 қазан күні сағат 19:00-де "Қазақ халқына мың алғыс" алаңында өтуі жоспарланған гала-концерт пен отшашу өңірде орын алған жағдайға байланысты өтпейтіндігін хабарлаймыз, — делінген хабарламада.
Еске салайық, қайғылы оқиға 23 қазанда Самара – Шымкент тас жолының Белқопа ауылы маңында болған. DAF жүк көлігі мен жолаушылар тасымалдаған «ГАЗель» көлігі соқтығысып, салдарынан 12 адам қаза тапқан.
Сондай-ақ, 12 адам қаза тапқан жол апатын тергеу үшін ІІМ Ақтөбе облысына арнайы топ жіберді. Жол апатының себептерін тергеу жөнінде үкіметтік комиссия құрылды. Қаза тапқандардың арасында 2 бала бар екені нақтыланды.
Өңір басшысы Асхат Шахаров зардап шеккендердің жағдайын білу үшін ауруханаға барды.