Ақтөбе әкімдігі ғимаратында өрт шығуына байланысты ертең қызметкерлер онлайн форматта жұмыс істейді. Бұл туралы оқиға орнына барған өңір басшысы Асхат Шахаров мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Шатырдағы өрт туралы хабарлама сағат 20:21-де түсті. Бір сағаттан аса уақытта өрт оқшауланды, қазіргі кезде оны толық сөндіру жұмыстары жалғасуда. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық қызметтер жұмыс істеп жатыр, қосымша әскери қызметшілер де жұмылдырылды, – деді Асхат Шахаров.
Облыс әкімінің айтуынша, өрттің шығу себептерін анықтау үшін арнайы тергеу тобы құрылды.
Ертең мемлекеттік басқармалардағы көптеген қызметкерлердің жұмыс күні онлайн форматта өтеді. Біз үшін ең бастысы – олардың қауіпсіздігі, – деп атап өтті өңір басшысы.
Еске сала кетейік, әкімдік ғимаратынан шыққан өрт толығымен сөндірілді.