Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде қаңтар оқиғасы кезінде әуежайды басып алды деп айыпталғандарға үкім шықты. Сот алдына үш адам келді.
№2 сот қаңтар оқиғасы кезінде Ақтөбе әуежайына шабуыл жасады және басып алды деп айыпталған Ж., Ш. және К.-ға қатысты қылмыстық істі қарады.
Тергеу барысында анықталғандай, Ж., Ш. және К.-ға 2022 жылғы 5 қаңтарда сұйытылған газ бағасының көтерілуінен туындаған наразылық білдірушілерді қолдау мақсатында әуежайға келіп, басшыға кіру-шығуға кедергі келтіремін деп қорқытқаны үшін айып тағылды. Келушілерді, сондай-ақ әуежайдың ғимараты мен үй-жайларын бүлдіріп, талап етіп, барлық бағыт бойынша рейстерді тоқтатты, соның салдарынан «Ә.Молдағұлова атындағы халықаралық әуежай» АҚ-на жалпы сомасы 1 672 250 теңге материалдық залал келтірілді, қазір ол толық көлемде өтелді, - деп хабарлады Ақтөбе қаласының облыстық соты.
Сот Ж., К., Ш.-ны Қазақстан Республикасы ҚК-нің 269-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, әрқайсысына 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.