Ақтөбедегі "Біркүндік клиника" пилоттық жобасы облыстық перинаталдық орталықта іске қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігіне сілтеме жасап.
Клиникада ұрық дамуының 12-ші аптасына дейін жүкті әйелдерді скринингтеу жүргізіледі. Әйел өзінің жүкті екенін білген кезде дәрігерлердің ұсынысымен басқа мекемеде тексерілуден өтуге тиіс.
Біркүндік клиникадағы емделу расымен бір күн бойы өтеді. Тіркелгеннен кейін пациент ультрадыбыстық зерттеуге жіберіледі, оны арнайы дайындалған пренатологтар жүргізеді. Олар 30 минуттан кейін өз қорытындысы шығады. Әрі қарай, әйел тест тапсырады, генетика дәрігерлері 30-45 минут ішінде алдыңғы қатарлы жабдықта қан тексереді.
Күту кезінде науқаспсихопрофилактикалық дайындыққа психологқа жіберіледі.
Келесі кезең – акушер-гинекологтың қабылдауы, нәтижелерді зерделеу және тәуекел деңгейін анықтау. Тәуекел деңгейі төмен болған жағдайда әйел жүктіліктің қалған кезеңінде бағамдайтын учаскелік емханаға жіберіледі. Тәуекел жоғары болған жағдайда, науқас шағын операциялық клиникада инвазивті пренатальды диагностикадан өту үшін медициналық генетиктен кеңес алады.
Зерттеу қорытындысы бойынша іс-қимылдың одан әрі бағыты айқындалады. Егер мамандар ұрықта кінәрат тапса, шешім қабылдау үшін шұғыл түрде көпсалалы консилиум шақырылады. Хромосомалық патология анықталған кезде жүктілікті тоқтату мәселесі шешіледі. Егер нәресте шала немесе ауру белгілерімен туылса, бірден хирургиялық жолмен операция жасалады, ана мен баланы қорғау орталығының балалар профиліндегі дәрігерлері пациенттің жүктілігін басқаруға қосылады.