Ақтөбеде ЖШС ғимаратына қарақшылық жасаған күдіктілер қамауға алынды

10 Мамыр 2023, 19:24
730
Бөлісу:
Ақтөбеде ЖШС ғимаратына қарақшылық жасаған күдіктілер қамауға алынды
VIDEO
Фото: polisia.kz

Ақтөбеде ЖШС ғимаратына қарақшылық жасаған күдіктілер қамауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

27 сәуірде түнгі сағат 03:00-де Ақтөбеде жауапкершілігі шектеулі серіктестерінің біріне қарақшылық шабуыл жасалды.

Бетперде киген екі белгісіз адам пластикалық терезені бұзып, ЖШС ғимаратына заңсыз кіріп, күзетшіні монтировкамен ұрып, оны байлап тастаған.

Әрі қарай болгарканың көмегімен сейфті ашып, 730 мың теңге сомасында ақша ұрлаған. Осы қылмысты жасады деген күдікпен полиция қызметкерлері 22 және 29 жастағы екі азаматты ұстады. Олардың біреуінің тұрғылықты жері бойынша қылмыс құралдары мен қаражат тәркіленді.

Күдіктілердің бірі осы мекемеде бұрын жұмыс жасағаны анықталды. Ұсталғандар тергеу изоляторына қамауға алынды.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 192-бабы 4-тармағының 2-бөлігі (Қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы