Ақтөбеде жол-көлік апатынан 6 адам көз жұмды

31 Шілде 2022, 17:08
1136
Бөлісу:
Ақтөбеде жол-көлік апатынан 6 адам көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқиға 30-шілде күні сағат 23.30-да Самара-Шымкент тасжолында болды. Бұл - Ырғыз ауданы Қалыбай ауылының маңы. 

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Хонда-Фит» маркалы автокөлігінің 32 жастағы жүргізушісі жолда қарсы бетке шыққан. Рульде Қырғызстан Республикасының азаматы болды. Салдарынан Ырғыз ауданының 33 жастағы тұрғыны басқарып келе жатқан «Лада-Ларгус» маркалы автокөлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Лада-Ларгус» маркалы автокөлігінің жүргізушісі мен 4 жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Сонымен қатар, «Хонда-Фит» автокөлігінің жолаушысы мерт болды. Сондай-ақ «Хонда-Фит» автокөлігінің жүргізушісі 30 жастағы жолаушымен бірге түрлі жарақатпен Ырғыз аудандық ауруханасына жатқызылды, - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов. 

Қазіргі кезде ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ақтөбе облысы Полиция департаменті көлік жүргізушілерін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Өзгелердің жаңалығы