Ақтөбе облысында жол апатынан Тәжікстан азаматы көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Polisia.kz мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 3 наурызында Ырғыз ауданының Қалыбай ауылының маңында Самара-Шымкент автожолында болған.
Жолда Volvo маркалы автокөлік пен DAF жүк көлігі соқтығысқан.
DAF автокөлігінің жүргізушісі, Тәжікстан Республикасының азаматы, оқиға орнында көз жұмды. Сотқа дейінгі тергеу басталды және жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталуда.