Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс аумағындағы 9 демалыс орны балаларды бүгіннен бастап қабылдап жатыр. Биыл бюджеттен 320 миллион теңге бөлінген, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл қаржы көпбалалы, атаулы көмек алатын отбасы балалары мен қамқоршысыз қалған бүлдіршіндерге арналған. Жалпы білім басқармасы 151 мыңнан астам ойын баласын демалыспен қамтуды көздеген. Ол үшін барлық оқу ордасы жанынан да лагерь ашылады. Ал қосымша білім беру ұйымдары 28 мыңға жуық бүлдіршінге түрлі үйірме ұсынып отыр. Тағы бір ерекшелік – биыл Ресейдің көршілес облыстарында тұратын қазақ балаларына арналған тіл үйрену лагері жұмыс істейді. Оған отыздан астам бүлдіршін келуі тиіс. Олар ана тілінде еркін сөйлеуі үшін кәсіби дәрістен бөлек жергілікті құрдастарымен араласып тіл жаттықтырады.
Олар 12 күн болады. Олар негізгі басым бағыты осы қазақ тілін үйретіп, насихаттау болады. Түске дейін осы бағытта жұмыс жасап, одан кейін экскурсиямыз бар, көрікті жерлерді, киелі жерлерді барлығын аралатып осы өз мүмкіндіктерімізді пайдаланып жүзеге асырамыз, – деді облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Асхат Ізбасар.