Ақтөбеде жасөспірім найзағайдан көз жұмды

21 Мамыр 2022, 12:03
1420
Бөлісу:
Ақтөбеде жасөспірім найзағайдан көз жұмды

Алматы, BAQ.KZ. Ақтөбеде найзағай түсіп, жасөспірім қайтыс болды. Қайғылы жағдай 20 мамырда кешкісін Белогорка елдімекенінде болған.

Өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, найзағай түсуінен тағы бір ер адам зардап шеккен.

Оқиға болған жерге келгенімізде найзағай түсуінен 2007 жылы туған жасөспірім қайтыс болғаны анықталды, сондай-ақ 27 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілді,-делінген ТЖД таратқан мәліметте.

Ақтөбе ТЖД-ті жұртшылықты қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.
 

Өзгелердің жаңалығы