Ақтөбеде тұратын жалғыз соғыс ардагері 100 жасқа толды

2 Қаңтар 2024, 04:09
646
Бөлісу:
Ақтөбеде тұратын жалғыз соғыс ардагері 100 жасқа толды
Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі

1 қаңтар күні Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері, Хромтау қаласының тұрғыны Василий Грецкий 100 жасқа толды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыс әкімі Асхат Шахаров сұрапыл соғыста ерлік көрсеткен майдангерді үйіне құттықтап барды. Ғасыр куәгеріне өңір басшысы Ақтөбе жұртшылығының атынан жылы лебізін жеткізді.

Бір ғасырдың куәгері болу – екінің біріне бұйыра бермейтін бақ. Бізге сыйлаған бейбіт өмір, ашық аспан үшін шексіз алғысымызды білдіреміз. Кеудеңізге тағылған медальдар – үлкен еңбектің жемісі. Ерлігіңіз ешқашан ұмытылмайды. Деніңіз сау болсын. Немере-шөберелердің ортасында ұзақ ғұмыр кешіңіз, - деген Асхат Шахаров мерейтой иесіне бағалы сыйлық табыстады.

Ақсақал да өз кезегінде батасын беріп, елге амандық пен тыныштық, бейбіт өмір тіледі. Бірде-бір ұрпақ соғыс көрмесін деді.

Айтып өту керек, Василий Грецкий - Ақтөбе облысында көзі тірі жалғыз Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері.

Өзгелердің жаңалығы