Ақтөбелік өрт сөндірушілер өндіріс цехындағы өртті сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
26 шілде күні сағат 21:11-де 112 қызметіне Ақтөбе қаласы, 41-разъезд аймағында тұрмыстық ыдыс жууға арналған жуғыш зат өндіріс цехының жануы бойынша хабарлама келіп түскен.
Өртті сөндіруге 101 адам және 19 техника жұмылдырылды.
Шақырту орнына барған кезде өндіріс цехынының 1-қабатындағы қойма шатыры өртенген. Өрттің алаңы 900 шаршы метр.
Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өрт сағат 22:47-де оқшауланып, 23:15-те сөндірілді.
Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің нәтижесінде өрттің басқа да ғимараттарға таралуына жол берілмеді. Қауіп төнген жоқ.
ТЖМ мәліметінше, материалдық құндылықтарды эвуакациялау жұмыстары жүргізілді.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.