Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде техникалық қызмет көрсету орталығында жарылыс болды.
Бүгін сағат 04:11-де кезекші қызмет пультіне Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы, Смағұлова № 15 мекенжайы бойынша «Альтаир» ехникалық қызмет көрсету орталығы жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Шақыру орнына дереу Ақтөбе қаласының өрт сөндірушілері мен құтқарушылары жіберілді, - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
Оқиға орнына Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері келгенде «Альтаир» техникалық қызмет көрсету станциясында газ-ауа қоспасының жарылғаны анықталды, салдарынан 600 ш.м. алаңға ғимарат құлап, ТҚКС ішінде және жанында тұрған 11 автомобилб зақымданған.
Алдын ала ақпарат бойынша жарылыс автомобильдің газ-баллон жабдығынан шыққан газ-ауа қоспасының жиналуы салдарынан болған. ТЖ орнында Ақтөбе облысы ТЖД 136 адам және 16 техника, сондай-ақ ЖАО 2 техникасы жұмыс істеп жатыр, - делінген хабарламада.
Оқиға болған сәттен бастап жоғалған күзетшіні, 1954 жылы туған азаматты іздестіру бойынша іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді.
ТЖМ мәліметіне сәйкес жүргізілген іздеу жұмыстары нәтижесінде үйіндінің астынан күзетшінің денесі табылды.