Ақтөбе облысында шаруа қожалығын су басты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті.
26 наурызда Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы, Құмжарған ауылдық округі, Бірлік ауылынан 7 км жерде 23-30-да қардың еруі мен еріген су ағынының салдарынан "Алтынай" ШҚ үйін су басты. ТЖД жедел құтқару жасағының күшімен Ембі қаласына 3 қызметкер эвакуацияланды, - делінген ведомствоның хабарламасында.
Сондай-ақ 26 наурызда Шалқар қаласының аудан орталығынан 10 км қашықтықта 67 разъезде еріген қар суының жиналуы нәтижесінде 4 үй мен 2 аула учаскесі су астында қалды. Шалқар қаласына 6 адам эвакуацияланды.
Еріген қар суын бұру бойынша авариялық-құтқару және инженерлік жұмыстарды жүргізу үшін 43 адам және 2 техника тартылды.
32 ірі қара мал қауіпсіз аймаққа құтқарылды, 2-еуі өлді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбеге Маңғыстау облысынан ТЖД күштері мен құралдары көмекке барғанын жазған болатынбыз.