Ақтөбеде шаруа қожалығының ірі қарасы қауіпті індеттен қырылып жатыр

Бүгiн, 08:48
192
Бөлісу:
Ақтөбеде шаруа қожалығының ірі қарасы қауіпті індеттен қырылып жатыр
Фото: baq.kz

Ақтөбе облысы, Көптоғай ауылдық округіндегі "Мәтжан" шаруа қожалығында 4 бас ірі қара белгісіз аурудан өлді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Диапазон басылымының мәліметі бойынша ветеринарлар оқиға орнына барып, өлген малдан сынама алып, облыстық зертханаға жіберді.

Сараптама нәтижесі малдың эмкар жұқпалы дертінен өлгенін көрсетті.

Өлген жануарлардың денелері қорымға жеткізіліп жойылды, қалғандары бақылауда, - деді ветеринария басқармасынан.

"Мәтжан" шаруа қожалығында 243 бас ірі қара, 762 бас ұсақ мал, 7 жылқы бар. 27 ақпанда Көптоғай ауылдық округі әкімінің шешімімен шаруашылықта карантин енгізілді.

Эмкар – эмфизематозды карбункул – жануарлардың дене қызуы көтеріліп, бұлшықеттері ісінетін жұқпалы, жіті ауру. Көбінесе ірі қара мал, сирек қой мен ешкі ауырады.

Өзгелердің жаңалығы