Ақтөбеде қызылша жұқтырғандардың саны күрт артты

19 Қазан 2023, 05:27
743
Бөлісу:
Ақтөбеде қызылша жұқтырғандардың саны күрт артты
Фото: BAQ.KZ

Ақтөбеде инфекцияның қарқын алып, облыстық стационардың лық толуына байланысты қосымша стационар ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақтөбе облысында 2023 жылдың ақпан айынан бастап қызылшамен 828 адам ауырған. Инфекциялық ауруханаға балалар ата-анасымен түсуде, ауру баладан анасына жұғуда.

Облыста қызылшаға шалдығудың мұндай көлемі көптен бері алғаш тіркеліп тұр, - дейді облыстың бас инфекциялық дәрігері Мейрамбек Құрманғазин.

Қазіргі уақытта облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында 81 адам бар. Оның 68-і - бала, 13-і - ересек. 18 қазаннан бастап қызылшамен ауырғандарды қала сыртындағы "Чайка" сауықтыру орталығына жатқызатын боламыз. Ол арадан қосымша 80 орын дайындалды, - дейді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев

Асқынуларға байланысты қызылшамен ауыратын екі бала қазір жансақтау бөлімінде. Дәрігерлердің айтуынша, жүкті әйелдер де қызылшамен ауыра бастады.

Өзгелердің жаңалығы