Ақтөбеде Құрбан айттың екінші күні 1244 отбасыға 6 тоннадан астам ет таратылды

11 Шілде 2022, 10:26
938
Бөлісу:
Ақтөбеде Құрбан айттың екінші күні 1244 отбасыға 6 тоннадан астам ет таратылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құрбан айттың екінші күнінде ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасымен іске асып жатқан «QURBAN-2022» онлайн қайырымдылық акциясы жалғасып жатыр.

Акция аясында Ақтөбе облысы өкілдігі бойынша 18 іс-шара ұйымдастырылып, 180 уақ мал (қой), 18 ірі қара (сиыр)  құрбандыққа шалынып, 1244 отбасыға жеткізіліп, 6 тонна 516 кг құрбандық еті үлестірілді.

Бұл туралы Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі хабарлады.

ҚМДБ көмекке мұқтаж жандарды қолдау мақсатында биыл да құрбан шалуды офлайн және WWW.QURBAN2022.KZ сайты арқылы онлайн жүзеге асырып отыр.

Ақтөбеде Құрбан айттың екінші күні 1244 отбасыға 6 тоннадан астам ет таратылды

Айта кетсек, онлайн форматта құрбан шалуға qurban2022.kz сайты арқылы тапсырыс беру айттың үшінші күні, яғни, ертең яғни 11 шілде күні сағат 16:00-ге дейін жалғасады.

Қайырымдылық акциясы арқылы көмек алған жандар ұйымдастырушыларға алғысын білдіруде. Алла Тағала ізгі ниетпен шалған құрбандықтарымыз бен дұға-тілектерімізді қабыл етсін!,- делінген хабарламада. 

Еске салсақ, Ақтөбе облысы өкілдігінде айттың бірінші күні 1720 отбасыға 13 тонна құрбандық еті таратылды.  
 

Өзгелердің жаңалығы