Ақтөбеде қар құрсауында қалған 4 адам құтқарылды

ТЖМ қызметкерлері қар құрсауында қалған 4 адамды құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

 Арман Мухатов  -архив 7 Қараша 2024 2024, 06:20
7 Қараша 2024 2024, 06:20
726
Фото: -архив

ТЖМ қызметкерлері қар құрсауында қалған 4 адамды құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Абай ауылына жақын маңайда 2 ер адамның ауа райының қолайсыздығына қарамастан мал тексеруге кетіп, қарда тұрып қалған.

Оқиға орнына дереу жеткен құтқарушылар қар құрсауында тұрып қалған жеңіл автокөлігін эвакуациялап, хабар берушілерді құтқарды.

Оған қоса, қайтар жолда дәл солай қарда тұрып қалған ішінде екі адам бар жеңіл автокөлікті көріп, оларды да эвакуациялап, құтқарды.

Аталған азаматтар тұрғылықты жеріне жеткізілді. Ешкім медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

Наверх