Ақтөбеде өрт сөндірушілер жарылыстың алдын алды

Бүгiн, 07:50
112
Бөлісу:
Ақтөбеде өрт сөндірушілер жарылыстың алдын алды
Фото: скрин

Ақтөбеде өрт сөндірушілер жекеменшік үйдің бірінің ауласында орналасқан гараждан шыққан өртті сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақтөбеде облысы гарнизонның диспетчеріне Мұғалжар ауданындағы Қандыағаш қаласында жекеменшік үйдің бірінің ауласында орналасқан гараждан өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.

Шақырту орнына дереу бағытталған өрт есептортарының құрамында болған №8 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі азаматтық қорғау аға сержанты Шамаков Данат пен өрт сөндіруші-құтқарушы азаматтық қорғау кіші сержанты Самрат Мейрамбек өртке оранған құрылыстан 2 газ баллоны мен жанармайы бар канистрды жедел түрде шығарып, жарылыстың алдын алды.

Өрт кәсіби өрт сөндірушілермен даму кезеңінде сөндіріліп, оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, - деп жазылған хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы