Ақтөбеде өрт сөндірушілер алты адамды құтқарды

Ақтөбеде бес қабатты тұрғын үйден шыққан өрттен алты адам құтқарылды, олардың арасында үш бала бар, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 ТЖМ баспасөз қызметі 16 Ақпан 2025, 17:17
16 Ақпан 2025, 17:17
610
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Ақтөбеде бес қабатты тұрғын үйден шыққан өрттен алты адам құтқарылды, олардың арасында үш бала бар, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Өрт Есет батыр көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерден шыққан. Жанған тұрмыстық заттардан шыққан қою түтін бүкіл подъезді басып қалды», — делінген хабарламада.

Құтқарушылар баспалдақ арқылы алты адамды, соның ішінде үш баланы қауіпсіз жерге алып шыққан. Өрт толықтай сөндірілді, зардап шеккендер жоқ.

Наверх