Ақтөбеде өңір басшысы әкімдіктегі өртке байланысты жедел штабтың шұғыл отырысын өткізді

 Қазіргі уақытта әкімдік ғимараты электр желісінен толық ажыратылған.

 ТЖМ баспасөз қызметі Бүгiн 2026, 00:03
Бүгiн 2026, 00:03
100
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Ақтөбеде облыс әкімі Асхат Шахаров төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабтың шұғыл отырысын өткізді. Жиында облыс әкімдігі ғимаратының шатырында шыққан өртке байланысты жағдай қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар департаменті, полиция департаменті және басқа басқарма басшылары қазіргі ахуал туралы баяндама жасады.

 Қазіргі уақытта әкімдік ғимараты электр желісінен толық ажыратылған.

Әкімдік – тек ғимарат емес, бұл өңірді басқарудың маңызды орталығы. Мұнда әрбір тұрғынның өміріне әсер ететін шешімдер қабылданады. Бүгін біз төтенше жағдайға тап болдық, алайда ең бастысы – қызметкерлердің қауіпсіздігі. Барлық қызмет үйлесімді жұмыс істеп жатыр. Біз әкімдіктің жұмысын қысқа мерзімде қалпына келтіріп, тұрғындарға жағдай туралы толық ақпарат береміз, – деді Асхат Шахаров.

Облыс әкімі өрт шыққан аумақтағы қауіпсіздік шараларын күшейтуді, салдары толығымен жойылғанға дейін өрт сөндіру және жедел қызметтердің тәулік бойы кезекшілігін ұйымдастыруды, сондай-ақ өрттің шығу себебін анықтау үшін мамандарды тарта отырып жан-жақты тексеру жүргізуді тапсырды.

Наверх