Ақтөбеде мектеп есепшісі бюджеттен 238 млн теңге ұрлаған

31 Қазан 2024, 10:47
315
Бөлісу:
Ақтөбеде мектеп есепшісі бюджеттен 238 млн теңге ұрлаған
Фото: Арман Мухатов - архив

Ақтөбе облысы прокуратурасының арнайы прокурорларымен №48 жалпы білім беретін мектеп есепшісінің бюджет қаражатын заңсыз иемдену дерегіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудіі аяқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақтөбе қаласының прокуратурасымен есепші Г.-ның 2019-2024 жылдар аралығында қызмет бабын пайдалана отырып, мектеп қажеттіліктеріне бөлінген 230 млн теңгеден астам бюджет қаражатын иемденгенін анықтады.

Иемденіп алу схемалары жалақыны белгіленген нормадан тыс аудару, қос демалыс беру арқылы жүзеге асырылған.

Есепші Г.-ның іс-әрекеті ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен (аса ірі мөлшерде cенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) сараланды. Арнайы прокурорлармен қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін, Ақтөбе қаласының №2 сотына жолданды. 24.10.2024ж. сотпен есепші Г. кінәлі деп танылып, 7 жылға материалдық жауапкершілік лауазымдарды атқару құқығынан айырыла отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды, - деп хабарлады Ақтөбе облысының прокуратурасы.

Өзгелердің жаңалығы