Ақтөбеде кепілге алынған үш адам босатылды

Бүгiн, 01:38
831
Бөлісу:
Ақтөбеде кепілге алынған үш адам босатылды
Фото: скрин

Ақтөбеде бейтаныс үйге басып кіріп, бойжеткенді кепілге алған күдікті ұсталды. Үйде бойжеткеннен бөлек ата-анасы да болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыстық ПД мәліметінше, аталған жайт бойынша 102 пультіне хабарлама сағат 20.00 шамасында келіп түскен. Оқиға орнына жедел тергеу тобы мен арнайы жасақ қызметкерлері шығып, арнайы операция сәтті өтті.

Жедел тергеу тобы, арнайы жасақ оқиға орнына келді. Жедел операция өтіп, кепілге алынған азаматша мен оның ата-анасы босатылды. Күдікті адам ұсталды, – деді облыстық ПД бастығы Абай Жүсіпов.

Кепілге алынған азаматша мен оның ата-анасы босатылды. Олар медициналық мекемеге жеткізілді. Күдікті ұсталды.

Өзгелердің жаңалығы