Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ақтөбеде iPhone ұрлаумен айналысқан бойжеткендер ұсталды

Бөлісу:
 Ақтөбе облысының ПД
VIDEO
Фото: Ақтөбе облысының ПД

Ақтөбе қаласында белгісіз тұлғалар сауда үйлерінің біріндегі бутикте болып, еркін қол жеткізу арқылы сауда сөресінен «iPhone» маркілі бірнеше ұялы телефонды жасырын түрде ұрлап кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерделеу барысында екі бойжеткеннің 28 желтоқсанда екі «iPhone» маркілі телефонды ұрлағаны анықталды. Сөренің ашық тұрғанын білгеннен кейні олар үш күннен кейін сол жерге қайта келіп, осындай маркілі тағы да бір мобильді құрылғыны жасырын әкеткен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары кешенін жүргізу барысында полиция қызметкерлері күдікті ретінде Ақтөбе қаласының 2006 және 2007 жылы туған екі тұрғынын анықтап, ұстады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында күдіктілер өз кінәларын толық мойындап, ұрланған мобильді құрылғыларды ломбардқа тапсырғандарын түсіндірді. Ақшаны олар өз қажеттіліктеріне жұмсаған, - деп хабарлады Ақтөбе облысының ПД баспасөз қызметі. 

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде. 

Өзгелердің жаңалығы