Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ақтөбеде интернет-алаяққа жәрдемдескен күдікті ұсталды

Бөлісу:
 ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Ақтөбеде интернет-алаяқтыққа жәрдемдесуге қатысы бар Павлодар қаласы тұрғынының заңсыз әрекеті әшкереленді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Анықталғандай, 2025 жылдың сәуір айында күдікті «Telegram» мессенджері арқылы жеке басы анықталмаған тұлғалармен қылмыстық байланыс орнатқан. Рөлдерді бөлу аясында ол ақпараттық жүйелерді пайдалану арқылы алдау жолымен азаматтардан жымқырылған ақшалай қаражатты шешіп алу және оны ақшалай сыйақы үшін сыбайластарына тапсыру міндетін атқарған. 

Қылмыстық операциялардың бірінде қаскүнемдер байланыс операторы мен банк ұйымдарының қызметкерлері ретінде танысып, жәбірленушіні алдап, несие рәсімдеуге көндірген. Банктік картасыз ақша шешіп алуға арналған цифрлық кодтарды алғаннан кейін жәрдемдесуші банкомат арқылы 100 мың теңге шешіп алып, оны әрі қарай ынтымақтастық үшін өзінде қалдырған, - деп хабарлады Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Прокуратурадан мәлім еткендей, күдіктінің әрекеттері алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған, ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып жасалған алаяқтыққа жәрдемдесу ретінде сараланды. 

Айта кетейік, прокуратура қылмыстық жолмен алынған ақшалай қаражатты шешіп алуға, аударуға немесе беруге қатысу, тұлғаның рөлі мен алған сыйақысының мөлшеріне қарамастан, қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертеді. 

Өзгелердің жаңалығы