Ақтөбеде гипермаркеттің тұрағында жүк көлігі 57 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде жүк көлігі қағып кеткен жаяу жүргінші жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды Polisia.kz.

 автордан  6 Сәуір 2022 2022, 02:30
6 Сәуір 2022 2022, 02:30
2283

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде жүк көлігі қағып кеткен жаяу жүргінші жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды Polisia.kz.

4 сәуірде Mercedes-Benz Actros 2541 жүк көлігінің 64 жастағы жүргізушісі «Анвар» гипермаркетінің тұрағында маневрдің қауіпсіз болатынына көз жеткізбей, нәтижесінде автокөлік пен тіркеменің арасында тұрған 57 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші Ақтөбе қаласының Медициналық жедел жәрдем ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды.

ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Наверх