Ақтөбеде есірткі қолданған ер адам біреудің автокөлігін айдап кеткен

Бөлісу:
Ақтөбеде есірткі қолданған ер адам біреудің автокөлігін айдап кеткен
Фото: архив

Ақтөбе қаласында есірткі қолданып, масаң күйде жеке үйдің ауласынан "Hyundai Elantra" автокөлігін ұрлаған адам ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Белгілі болғандай, автокөлік иесі кілтті машинаның ішінде қалдырып кеткен.

Полицейлер көлік ұрлаған адамның ізіне түскен. Жасырынуға тырысқан көлік жүргізушісі автокөлік рөлін басқара алмай, жол жиегіндегі терекке соқтығысқан.

Жүргізілген сараптама қорытындысы әлгі кісінің есірткіге масаң күйде екенін көрсеткен.

Қазіргі уақытта автокөлік ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы анықталатын болады. Біз барлық азаматтарды жолда мұқият болуға және кілтті көлік ішінде қалдырмауға шақырамыз, - дейді Ақтөбе облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі Ерболат Сарқұлов.

Өзгелердің жаңалығы