Ақтөбеде бопсалаумен айналысқан топ ұсталды

Бүгiн, 09:45
186
Бөлісу:
Ақтөбеде бопсалаумен айналысқан топ ұсталды
Фото: polisia.kz

Алға ауданында ҰҚҚКБ полицейлері бопсалаумен айналысқан бес жас жігітті ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Алдын ала сөз байласқан күдіктілер тобы қорқыту және күш көрсету арқылы кәмелетке толмағаннан 100 мың теңге бопсалаған. Күдіктілердің бірінің тұрғылықты жерінен полицейлер пневматикалық тапанша, сондай-ақ Toyota Rav4 автокөлігінен металл бита мен бірнеше газ құтысы бар қорап тауып, тәркіледі. 

Тағы бір жағдайда жедел уәкілдер екі күдіктіні ұстады, олар жүйелі түрде ақша қаражатын бопсалап, колледждердің бірінің студентін өз атына 1 млн теңге несие рәсімдеуге бірнеше рет мәжбүрлеген. 

Бопсалау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы