Ақтөбеде біреудің көлігін айдап кеткен мас жүргізуші қолға түсті

21 Қаңтар 2024, 05:39
580
Бөлісу:
Ақтөбеде біреудің көлігін айдап кеткен мас жүргізуші қолға түсті
Фото: архив

Ақтөбеде өзгенің көлігін айдап кеткен мас жүргізуші қолға түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтөбе қаласының полициясына жергілікті тұрғын отбасылық жанжалдан кейін бірге тұратын адамның Honda автокөлігін ұрлап кеткені туралы арызданды. 18 қаңтарда сағат шамамен 14:00-де Махамбетов көшесінде ұрланған автокөлікті байқаған Ақтөбе қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері шұғыл түрде ұстау шараларын жүргізді.

Тексеру барысында жүргізушінің аталған көлік құралын масаң күйде басқарғаны, сондай-ақ бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен, сондай-ақ ҚР ҚК-нің 200-бабы бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Автокөлік арнайы автотұраққақойылды. Күдікті Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп жазылған хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы