Ақтөбелік құтқарушылар бір үйір жылқыны аман алып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, облыстағы облыстағы Темір ауданының құтқару қызметіне ер адам хабарласып, Ойыл өзенінде 17 жылқы өзен жайылмасы арасынан шыға алмай жатқаны туралы айтқан.
Оқиға орнына жеткен құтқарушылар жануарларды суға батып кетуден сақтап, қауіпсіз жерге айдап шығарды.