Ақтөбеде бір ауыл карантинге жабылуы мүмкін. Қаланың іргесіндегі «Садовое » тұрғын алабында малдан шешек ауруы анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қойдан биосынама алынды. Ауа арқылы таралатын қауіпті ауру адамдарға жұғуы ықтимал. Сондықтан елдімекен толықтай 20 күн карантинге жабылып, бар малға дертке қарсы екпе салынатын болады. Сонымен қатар ауру ошағы дезинфекцияланады.
Қазіргі таңда қала әкімінің шешімі шығуы керек. Сол өзі қажетті дезинфекция, вакцинациялау жұмыстарын жүргізеді. Жайылымға шығарылады ол мал. Басқа шақтан мал кіргізуге, мал шығаруға сол өңірден болмайды, - дейді облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Бердімұрат Бекжанов.