Ақтөбеде бес айда 30-дан астам адам жол апатынан қайтыс болды

2 Маусым 2023, 08:20
521
Бөлісу:
Ақтөбеде бес айда 30-дан астам адам жол апатынан қайтыс болды
Фото: aikyn.kz

Ақтөбе облысында биыл 90-нан астам жол апаты болды, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық прокуратураның мәліметіне сүйеніп.

Жол апаты әсіресе Ақтөбе қаласы, Әйтеке би, Байғанин, Қобда және Шалқар аудандарында көбейген. Бес айда барлығы 92 қылмыстық іс тіркелген, оның жартысынан көбі Ақтөбе қаласының аумағына тиесілі.

Прокуратураның айтуынша, жол апатының 63% жаяу жүргіншілерге қатысты болған.

Жол апаттарының негізгі себебі – жүргізушілердің жылдамдықты асыруы, қарсы қозғалыс жолағына шығып кету, сондай-ақ жолдардың қауіпті учаскелерінде жол-патрульдік полиция экипаждарының болмауы. Бұдан басқа, облыс бойынша 1.5 мың жол белгісі, 1 мыңнан астам бейнебақылау камерасы, оның ішінде заң бұзушылықтарды тіркеу жүйелері, 56 реттелетін жаяу жүргіншілер өткелі, 13 көше мен жолдарда сыртқы жарықтандыруды толық қамтымау, 15 мектептің жанында 30 бағдаршам мен қоршау жетіспейді, - дейді облыс прокурорының көмекшісі Өркен Ещанов.

Салдарынан бес айда 200-ден аса адам түрлі жарақат алып, 32 адам қайтыс болған.

Әсіресе жол апатынан көз жұмған бүлдіршіндер саны екі есе артқан. Кішкентай балалар зардап шеккен жол апаттарының барлық жағдайында автокөлік құралдары арнайы балалар креслоларымен жабдықталмаған, - дейді Өркен Ещанов.

Өзгелердің жаңалығы